2018 жылдың 16 қыркүйек күні І.Жансүгіров атындағы мəдениет сарайында Елордамыздың 20-жылдығына орай Астана қаласының Алматы облысындағы мəдениет күндері қарсаңында Астана қаласы əкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің "Ұлы дала əуендері" атты концерті өтті. Кешке қала тұрғындары жəне қонақтары қатысып, астаналық өнер ұжымының концертінен ерекше əсермен қайтты.