Әнші, сазгер, Талдықорған қалалық маслихат депутаты, Мәдениет қайраткері Түстікбаев Бақытай Қабдолдаұлының мерейлі 60 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Ауылда қалған балалық» атты есеп беру шығармашылық ән кеші 2018 жылдың 15 тамыз күні өтті.
Көрген көк теңізге көңіл байып


Еместей көл шетінде жеңіл қайық
Жайнатты кең әлемді ән кемесі
Білсеңдер ол Бақытай Түстікбаев
Өзінің қарапайымдылығы мен адамгершілік қасиетін, ізгілік пен ізеттілікті, кішіпейілдік пен кешірімділікті жанына серік ететін руһани бай адам үлкенді де, кішщіні де сыйлай біледі және өзін сыйлата алады. Бірақ басына осыншма қасиетті жинаған БақытайТүстікбаев жұмыстың қай саласында болмасын жоғары жауапкершілікпен, ниетімен атқарып келеді.
Ел үшін еңселі биіктерді еңсеруге даяр дарынды тлға «Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі», «Кәсіби саладағы ерен еңбегі үшін», «Үздік адам», медалдерінің, «Еңбек сіңірген мәдениет қызметкер» орденімен марапатталды.