13 маусым Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының фойесінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Алакөл ауданы мен Алматы облысының құрметті азаматы қазақтың көрнекті ақыны Сәкен Иманасовтың шығармашылығына арналған «Шайқалмас дүниенің нұры ғана» атты поэзия сағаты өтті.
Поэзия сағатын Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды. Кеш модераторы:Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, ақын Жангелді Немеребай.
Аталмыш жобаға Сәкен Иманасовтың шығармашылығын зерттеушілер С.Иманасов атындағы орта мектептің ұстазы, Ардақов Айдын Ардақұлы және С.Иманасов атындағы орта мектептің ұстазы, Алпысбекова Арай Мәлікқызы.
Бұл әдеби кеште Алакөл аудандық мәдениет үйінін өнерпаздары ақынның өлеңдерін оқыды.