2023 жылдың 14 желтоқсан күні салтанатты шараға облысымыздағы іргелі шаруа қожалықтарының басшылары, қарапайым еңбеккерлер жиналды. Бүгінде олар маңдай тер, адал еңбегінің игілігін көріп отыр. Сондықтан көңілдері тоқ, жүздері де жайдарлы.
Талдықорған қаласындағы І.Жансүгүров атындағы Мәдениет сарайында өткен салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне үлесін қосып, тынымсыз еңбек етіп жүрген жетісулық ауылшаруашылығы саласының мамандарына өз алғысын білдірді.
Еске салар болсақ, Жетісу облысы биыл жиналған дәнді дақылдардың көлемі бойынша республикада алғаш рет 4-ші орынға көтерілді. Өңірде барлығы 518 мың гектардан 1,9 млн.тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды.