Жетісу облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы 2023 жылдың 21-22 желтоқсан күндері Республикалық эстрадалық-симфониялық оркестрлер арасында фестиваль өткізеді.
Өтетін жері: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы.
І-Республикалық «Сағым» эстрадалық симфониялық фестиваліне әр облыс пен қаладан 1 оркестр қатыса алады.
Фестивальдың ашылу салтанаты 2023 жылдың 21 желтоқсан күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында сағат 10:00 де басталады.
Байқау жеңімпаздарының марапаттау салтанаты 22 желтоқсан күні сағат 18:00.