«Өмір мен өлімнің арасында»
2023 жылдың ақпан айының 15 күні Талдықорған қаласының орынбасары Абибеков Бауыржан Бақытұлының қатысуымен Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылған күніне арналған іс-шарасы өтті. Шара «Жетісулық Ауған соғысы құрбандарына арналған» монументке барып гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Рәсімді екі ауған соғысының ардагері атқарды. Азалы соғыста құрбан болған жерлестерімізді еске алуға арналған шараның алғы сөздері Жетісу облысы қорғаныс істері жөніндегі Департамент бастығы, полковник Сағынбеков Айдын Айтбайұлы мен Жетісу облысы «Ауған соғысы ардагерлері орталық штабының басқармасы мүшелерінің төрағасы Барлыбаев Бауыржан Әбдіманатұлына беріліп, шара соңы мерекелік концертке ұласты. Концерт барысында Талдықорған қаласының орынбасары Абибеков Бауыржан Бақытұлы құттықтау сөз сөйлеп, ауған соғысының ардагерлерін Алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты шараға арналған концерттік бағдарламада «Талдықорған әуендері» халықтық, фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің әншілері мен бишілері, Талдықорған қаласының №18404 әскери бөлімінің әншілері көрермендерге өз өнерлерін паш етті.