18 желтоқсан күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Елбасы жолы. Астана» фильмінің тұсаукесері өтті. Фильмді көруге облыс әкімі Амандық Баталов, қаланың ақсақалдары мен тұрғындары келіп, үлкен қызығушылықпен тамашалады.

 


Фильмде 1994 жылы ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қабылданған тарихи маңызды шешім, алғашқы қиындықтар мен жаңа елорданың бүгінгі жетістіктері баяндалады.


Фильм басынан соңына дейін көрермендердің назарын өзіне баурап алып, бір демде қаралып шықты. Жиналғандар жазық далада екі онжылдықтың ішінде әлем жұртшылығын таңдай қақтырарлықтай Астанадай жаңа қала тұрғыза алғандығымызды айтып, көкіректерін мақтаныш сезімі баурап, қол шапалақтап, алған әсерлерімен бөлісіп тарқасты.