Бүгін І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайының ұйымдастыруымен
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Әр өлеңі - бір әлем" - атты музыкалық - поэзиялық кеш өтті. "Барлығы да Поэзия, сен үшін" - деп әдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы, бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері біздің жүрегімізде.
Кешті жүргізген І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Әділжан Нүсіпжанұлы Ғұмаров.
Дөңгелек үстелге:
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор-дирижёр Әли Алпысбаев;
- Композитор, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің аспапшы әртісі Өмірсерік Арапов;
- Жетісу Мемлекеттік Унивеситетінің «Құрметті профессоры», ақын Ғабит Тұрсынбай;
- Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының Ақпарат саласының үздігі , ақынның жерлесі Жұматай Оспанұлы;
- Қазақстан ақын-жазушылар одағының мүшесі, ақын Жангелді Немеребай;
- Республикалық, облыстық мүшайралардың жеңімпазы "Алғыс" өлеңдер жинағының авторы, ақын Азамат Нұрмұхан қатысты.
"Жетісу виртуоздары" ансамблінің сүйемелдеуімен Мұқағали ақынның әндері орындалып, өлеңдері оқылды.