2024 жылы 10 желтоқсан күні «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХХ жұмыс маусымының жабылу салтанаты Талдықорған қаласы, Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Шара құттықтау сөз бен мерекелік концертпен басталып, маусым барысында үздік деп танылған жасақшылар мен жетекшілерді алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды.