30 маусым күні Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы халық аспаптары оркестрінің домбыра аспапшысы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Талғат Оразаевтың “Күй керуені” атты шығармашылық кеші өтті!
Кеш өнерпаздары: Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрі, Оркестрдің бас дирижеры Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, композитор Әли Алпысбаев Оркестрдің көркемдік жетекшісі Халықаралық,Республикалық байқаулардың жеңімпазы Медет Есбергенов.
Кеш қонақтары: Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, “Халық күйшісі” төсбелгісінің иегері Мұрат Абуғазы.
Әсерлі кеште: “Ақсақ құлан”, “Күй шақырғыш Ақжелең”, “Әке арманы”, “Алшағыр Шаған”, “Отпан тау”, “Төремұрат” ,“Арпалыс” және тағы басқа таңдаулы күйлер орындалды.
Концерт бағдарламасына қазақ руханияты мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосып кеткен, композиторлар мен ақын - жыраулардың шығармалары енген.