05 наурыз күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде облыс әкімінің орынбасары М.Көлбаевтың қатысуымен Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің және ауыл олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанаттты марапаттау рәсімі өткізілді. Марапаттау рәсіміне Алматы қаласының «Логистика және автокөліктер» академиясының техника ғылымдарының кандидаттары, қауымдастырылған профессорлар П.Ахметова мен Ғ.Аширбаев шақырылды. Сонымен қатар, білім басқармасының басшысы М.Сулейменов, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары мен аға әдіскерлері, «Үздік мектеп» атағына ие болған мектеп директорлары қатысты. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне жалпы 415 оқушы қатысып, 189 оқушы жеңімпаз атанып, ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасына 211 оқушы қатысып, 90 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Астана қаласында өткен ауыл олимпиадасының төртінші республикалық кезеңінде Жетісу облысынан 40 оқушы қатысып, олардың 22-сі жүлделі орындарға ие болып, 5 оқушы Жалпы командалық есепте Жетісу облысының оқушылары «Ең үздік олимпиадалық команда - 2024» атағын иеленді. Осыған орай, барлық жеңімпаздарға арналған дипломдар мен сыйлықтар табысталып, марапаттау рәсімі өз мәресіне жетті.