27 ақпан күні Талдықорған қаласында, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтетін елге танымал жас әнші, "Мен қазақпын" атты халықаралық мега-жобасының бас жүлдегері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі Бейбіт Мұсаев «Мен қазақпын» атты жеке ән кешіне шақырамыз!!!
Кеш қонақтары Рамазан Стамғазиев, Саят Медеуов, Шаба Әденқұлқызы, Раян тобы, М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, «Алтынай» МХБ ансамблі, және «Қобыз сарыны» фольклорлы-этнографиялық ансамблі.
Концерт І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында 27 ақпан күні сағат 18:30-да. Байланыс телефондары: 24-23-35, 8 702 182 28 49.