23 мамыр күні Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Рустам Али, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, кәсіподақ ұйымы, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының ардагерлері, басқармаға қарасты облыстық мекемелер мен аудандық, қалалық мәдениет үйлері қатысты. Жиында облыс әкімінің орынбасары Рустам Али құттықтау сөз сөйлеп, еңбегімен танылған азаматтарды және үздік мәдениет мекемелері мен өнер ұжымдарына арналған марапаттар мен ақшалай сыйлықтарды табыстады. Марапаттау рәсімінде Мәдениет саласының үздігі – 10, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Құрмет грамотасы - 11, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Алғыс хаты – 7, «Еңбек ардагері» төсбелгісі – 3, Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасы – 8, Жетісу облысы әкімінің Алғыс хаты – 8, Арнайы номинациялар – 25 табысталды . Сонымен қатар Үздік мекеме “Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына” Chevrolet Cobalt автокөлігінің кілті табысталды. Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.